Қазақстандық банкир Ресейден саяси баспана алды

Қазақстандық банкир Ресейден саяси баспана алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейдің бас прокуратурасы Қазақстанда «Банк RBK» АҚ-дан 80 миллион доллар жымқырды деп айыпталып жатқан банкир Жомарт Ертаевты отанына экстрадициялаудан бас тартты, деп жазады Sputniknews «Коммерсант» газетіне сілтеме жасап.

Ертаев үйқамақтан босатылды. Қорғаушылар Ресей сотын банкирді Қазақстанда қылмыстық қудалау негізсіз екеніне сендіре білген.  

Сондай-ақ Ертаев босқын мәртебесін алғаны хабарланды.  

46 жастағы Ертаевтың өзі басылымға Қазақстанға қайта оралмайтынын мәлімдеді.  

Банкирдің жұбайы Нұргүл Ертаева Алматыда алаяқтық жасады деп айыпталып, сырттай қамауға алынды. Тергеудің мәліметінше, ол 2015 жылы «Банк RBK» АҚ басқарма мүшесі болып тұрған кезінде 7 миллион доллар ұрлаған.  

Қазақстандық құқық қорғау органдарының ақпаратына сәйкес, Жомарт Ертаев Bank RBK басшылығының кеңесшісі болған уақытта банктен жалған жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін 80 миллионов доллар көлемінде кредит алуға ықпал еткен, ол қаржыға Жомарт Ертаев басқарған «Алма-ТВ» акциялары сатып алынған.

2014 жылы Ертаев Ресейге тұрақты тұру үшін көшіп кетті. «Банк RBK» қаржылық қиындыққа ұшыраған кезде басшылық Жомарт Ертаевтан кредит қаржсын не ақшалай, не «Алма-ТВ» акцияларымен қайтаруды талап етті, банкир одан бас тартты.  

Ертаев 2018 жылдың мамырында Мәскеуде қазақстандық арнайы қызметтердің өтініші бойынша ұсталып, тұтқынға алынған еді, содан бері үйқамақта отырды.


Новости партнеров