«ТурСтат» аналитикалық агенттігі ресейлік туристер үздік деп таныған ТМД-ның қалаларын атады, деп хабарлайды Today.kz. Үздік үштікке Баку, Астана және Минск кірген.
Туристер ТМД қалаларына орта есеппен екі-үш күнге келеді, шопинг үшін адам басына мың доллар жұмсайды.
Мысалы, Бакуде 2018 жылдың 1-31 мамыры аралығында Баку шопинг-фестивалі болды, оған шетелдік туристер ерекше қызығушылық танытты.
Рейтинг осы жылғы шопинг-турларды сараптау барысында түзілді.