Абайсызда басына шеге қағып алған ер адам тірі қалды

14.12.2018 19:47

Ер адам үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатып қолындағы пистолеттің шүріппесін басып жіберген

Американың Канзас штатындағы Дерби қаласында ер адам байқаусызда басына шеге қағып алды. Бұл туралы The Wichita Eagle басылымы жазды, деп хабарлайды Sputnik.


Ер адам үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүріп баспалдақтан құлайды. Осы сәтте ол байқаусызда қолында тұрған шеге қағатын пистолеттің шүріппесін басып жіберіп, басына шеге кіріп кетеді.

Болған жағдайдан кейін ер адам өзі көмек іздеп сыртқа шыққан. Жақын маңдағы полицейлерге барып, оларға жағдайын айтады. Тәртіп сақшылары бірден жедел жәрдем шақырып, ер адамды ауруханаға жеткізді.

2017 жылы АҚШ-та ер адам байқаусызда жүрегіне шеге кіргізіп алған еді. Болған жағдайдан кейін ауруханаға өзі көлікпен жеткен.