Алматы облысында салынып жатқан дүкен отқа оранды

12.12.2018 19:57


Алматы облысы Талғар ауданында салынып жатқан дүкен отқа оранды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«11 желтоқсанда сағат 19: 18-де өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы 2 қабатты дүкеннің өртеніп жатқандығы туралы хабар түсті. Жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанының 400 шаршы метрін жалын шарпыған. Оқиға орнына 25 шақырым жерде орналасқан Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі  өрт сөндіру бөлімшесінің 6 қызметкері мен екі техникасы тартылды», - деп атап өтілген хабарламада.

Тілсіз жау 20:36-да ауыздықталып, 20:53-да толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себептерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.