15 мен 19 қаңтар аралығында "Алматы" телеарнасынан көретіндеріңіз...

12.01.2018 22:14

«Алматы» телеарнасы алдағы аптада болатын телехикаялар мен бағдарламаларды назарларыңызға ұсынады. 

Шындық пен шырғалаңның шарықтау шегі. Шолпанның бақыт жолында басқан шалыс қадамы. Шынайы бейнені ашуға сеп болған  қос тағдыр. «Айман-Шолпан» дүйсенбі-жұма аралығында 19:10-да біздің арнада. 

Ерлі зайыптылар арасындағы тылсым сыр. Әпке мен сіңілі арасындағы өшпенділік. Ақ пен қараны ажырата алмаған қос тағдыр. «Уәде берем» телехикаясы дүйсенбі-жұма аралығында 18:00-де. 

Тоқ жүріп, сау болудың сыры неде? Ас адамның арқауы. Дұрыс тамақтануды білесіз бе? Тез, әрі дәмді. Алайда, оның ағзаға тигізер зияны қандай? Таразылау сізден, байлам бізден! «Байлам»дүйсенбі сағат 17.00-де. 

Үн мен ұғым тілдестігі. Жаратылыстың адам сенгісіз сырлары. Жарық дүниенің беймәлім құпиялары «Ғалам ғажайыптары» бағдарламасында, сенбі 17:00-де.