Қазақстанда 4-6 қазан аралығында күн салқындап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Синоптиктердің мәліметінше, үлкен антициклон Қазақстаннан кетеді. Ал республиканың батыс облыстарына атмосфералық фронттармен күздегідей суық және ылғалды кезекті ауа массасы басып кіреді.
«Қазақстан арқылы шығыс бағытында жылжып, суық фронттар бірінші батыс, ал 6 қазанда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда жаңбыр және температураның төмендеуіне себеп болады. Шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашынсыз ала бұлтты ауа райы және температураның жоғарлауы күтіледі», - делінген хабарламада.