Мектеп аттестатын түзеткен еден жуушы әйел 10 жылға сотталды

22.11.2018 20:04

Грекияда мектеп аттестатына түзету енгізгені үшін еден жуушы әйелді 10 жылға соттады, Лариса қаласының соты оны алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп таныған, деп жазды sputniknews.kz.

Taxydromos басылымы хабарлағандай, 1996 жылы әйел мектептің еден жуушысы қызметіне орналасу үшін байқауға қатысыпты. Конкурсқа қатысуға мүмкіндік алу үшін аттестатына тағы бір сынып қосып, бес сыныптың орнына алты сынып деп жазып, түзетіп қойған.

Бұл үкім бүкіл грек жұртшылығын дүрліктірді. Жергілікті кәсіподақ пен әйелдер қауымдастықтары 53 жастағы еден жуушыны босатуды талап етуде. Кей мәліметтер бойынша, әйел бала-шағасы және мүгедек күйеуін асырау үшін осындай қадамға барған.