Қарағанды тұрғыны Мира Сарсенбаева күйеуі Вячеслав Апаринмен бірге полицейлерді соққы алғанын айтты. Айтуынша, олард үш полицей ұрып-соққан.
Оқиға 30 қазан күні болған. Ерлі зайыпты сатып алушыға «Mercedes-Benz W124» көлігін көрсету үшін қала сыртында кездеседі, деп жазады Karaganda.kz.
«Қайтар жолда үш полицей көлігіміздің артына кіріп алды. Күйеуімді белбеумен қылқындырып, мені көліктен шығарып алып көліктің алдына ұрды. Біздің телефонымызды алып қашып кетті. Кейін азаматтық формада басқа азаматтар келіп, сынық телефондарды бізге тастап кетті. Екі телефондағы сақталған файлдар ашылмайды. Мен тек бір видеоны ған қалпына келтірдім», – дейді Мира.
Оның қолындағы видеода қараңғыда балағат сөздері айтылады. Полицей формасы мен жүргізушінің бет -жүзі көрінеді. Екінші минутта полицейдің де беті байқалады. Кейін полицейдің бірі есікті ашып сыртқа шығады. Әрі қарай балағат сөздер ғана естіледі.
«Біз дереу жедел жәрдем мен полиция шақырдық. Алдымен медициналық көмек көрсетіп, сау екенімізді анықтады. күйеуімді сараптамаға алды», – дейді әйелі.
Күйеуінің ауыр соққы алғаны сонша төсектен тұра алмаған. Өзі де ауыр соққы алып, басы жарақаттанған. Ертесі күні жол бойында қалған көлік ертесі күні Күнгей ауданында табылды. Көліктің есік-терезесі ашық күйінде жатқан.
Ерлі зайыпты өздерін не себепті сонша ұрып-соққанын түсінбей дал.
Облыстық ІІД оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр.