Жасөспірімдер мінген автобус шыңырауға құлап, жеті бала қаза тапты

12.11.2018 20:30

Перудің солтүстігінде жасөспірімдер командасын әкеле жатқан автобус шыңырауға құлады, салдарынан жеті адам қаза болып, тағы 11 адам жарақат алған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Сильвия Пессах мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

Оқиға жексенбі күні Амасонас аймағына кіретін Чачапояс қаласының маңында болған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жүргізушісі рульге ие бола алмай, автобус шыңырауға құлаған.

«7 жасөспірім қаза болды. Туыстары мүрделерін таныды», - деп мәлімдеді министр.

«Зардап шеккен 11 адамның оны - 13-14 жастағы балалар, сондай-ақ бір әйел жарақаттанған», - деп қосты Пессах.

Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.