Басқаға үйленбек болғаны үшін: Әйел күйеуінің денесін қуырып, онымен жұмысшыларды тамақтандырған

21.11.2018 20:31

Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып жатқан марокколық әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтіріп, оның денесін қуырды деп күдіктеліп отыр.

Бұл туралы Associated Press басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тергеу нұсқасы бойынша, ол 7 жыл бойы бірге тұрып жатқан азаматтық некедегі күйеуі басқа әйелге үйленбек екенін білгеннен кейін, осындай қылмысқа барған. Әйел күйеуін өлтіріп тастағаннан кейін, денесін бөлшектеп, қуырып, одан күріш пен еттен тұратын тамақ әзірлеген. Артынша бұл тамақпен пәкістандық жұмысшыларды тамақтандырыпты.

Жоғалып кеткен ер адамды БАӘ-ге Мароккодан келген ағасы іздестіре бастаған. Ол әйелдің блендерінің ішінен адамның тісін тауып алыпты. Мұнан кейін әйел тұтқындалды.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.