7-20-25: қазақстандықтар өз мүмкіндіктерін онлайн тексере алады

13.11.2018 20:41

Қазақстандықтар «7-20-25» бағдарламасымен баспана алу мүмкіндіктерін алдын ала қашықтықтан тексере алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақын арада «Баспана» компаниясы негізінде жаңа жобаны іске қосамыз. Жоба арқылы Қазақстанның кез келген тұрғыны онлайн режімде өз мүмкіндіктерін бағамдай алады және бұл банктегі қарыз рәсімдеу уақытын анағұрлым қысқартады», - деп түсіндірді Данияр Ақышев.

Ол «7-20-25» бағдарламасын жеті банктің жүзеге асырып жатқанын еске салды.

8 қарашаға дейін банктер жалпы құны 35 млрд теңге болатын 2900 өтінімді мақұлдаған.