Алматы мәслихаты бюджеттен үнемделген қаржыны жұмсау мақсатында қаулы шығарды. Бюджеттік өзгертулер ҚР Электронды үкімет порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, биыл мемлекеттік сатып алулар бойынша -267,5 млн теңге, аса маңызды емес шараларды қысқартқаннан 4,9 млрд теңге үнемделген.
Осылайша үнемделген 5,2 млрд теңгеден қаланы көріктендіруге - 321,9 млн теңге, жол-көлік инфрақұрылымына - 2,8 млрд теңге, қауіпсіздік саласына - 1,2 млн теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына - 217,2 млн теңге, денсаулық сақтау саласына - 3,9 млн теңге, мәдениет және спорт саласына - 100 млн теңге, кәсіпкерлікті қолдауға 591,2 млн теңге қарастырылған.
Қоғамдық талқылау 15 қарашаға дейін жалғасады.