Қарағандыда пәтерлердің бірінен 32 жастағы ер адам өлі табылды

25.12.2018 20:43

Қарағандыда пәтерлердің бірінен 32 жастағы ер адам өлі табылды. Марқұмның денесінде пышақ жарақаты болған, деп хабарлайды Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды.

Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті ретінде 36 жастағы ер адам тұтқындалды. Марқұмды пышақтағанын мойындады тұрғын қазір уақытша қамау изоляторында.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.