Үйлену тойында келіншегінің орнына сәлем салған жігіт күлкіге қалды (видео)

30.11.2018 21:11

Әлеуметтік желіде жас жігіттің туыстарына сәлем салған видеосы таралып кетті. Өз тойында сәлем салған күйеу жігіттің бұл әрекетін желідегілер қызу талқыға салған, деп жазады NUR.KZ ca-news.org сайтына сілтеме жасап.

Желі қолданушылары жас жігіттің енді келіншегінің ата-анасымен бірге тұратынын болжаған.

«Енді ол атасы мен енесінің үйіне барып тұрады», «Жас келін сәлем салуы керек еді» деп жазды.

Тіпті кейбірі жігіттің бұл ісін ұятқа балаған.

Айта кетейік, ca-news.org келіншегінің орнына салт-дәстүрді орындаған бұл жігіттің тойы еліміздің Мерке қаласында өткенін анықтаған.

Сондай-ақ тойды Қырғызстанның танымал әртісі Сирожиддин Камолов басқарған.