Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

08.10.2018 21:34

Шымкентте халықаралық іздеуде болған күдікті ұсталды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркістан облыстық ІІД жедел уәкілдері Шымкентте ломбардқа қарақшылық шабуыл жасап, 1 миллион теңгеден астам ақша мен алтын бұйымдарды тонау қылмысына қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған аталған қала тұрғынын ұстады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Сонымен қатар, ресми өкіл Қарағанды облыстық ІІД криминалдық полициясының қызметкерлері қала тұрғындарының біріне қарақшылық шабуыл жасап, оның 200 мың теңгеден астам ақшасын тартып алған күдіктілердің бірінің ұсталғанын айтты.  

«Қылмысқа қатысы бар тағы бір күдіктіні қолға түсіру шаралары қабылданып жатыр», - деді Алмас Садубаев.