Рудный әкімінің орынбасары келіншегін көлікте өзі босандырып алды

18.09.2018 22:00

Қостанай облысында Рудный қаласы әкімінің орынбасары Денис Петрухно әйелін өзі босандырып алуға мәжбүр болды, деп жазды Қостанай жаңалықтары

Олар белгіленген күні, 17 қыркүйекте, перинатарлық орталыққа аттанады. Алайда, әйелдің әлі толғағы келмегендіктен орталықтағылар қабылдамаған. Шенеунік әйелімен бірге үйіне қайтапақ болады. Жол бойында әйелінің толғағы басталып, ауруханаға жетіп үлгермейтін болған соң көлікте өзі босандырып алған. 

Осылай Рудный қаласы әкімінің орынбасары перинатарлық орталыққа қызымен бірге келді.

Денис Петрухно журналистерге болған жағдайды баяндаудан бас тартты.

«Менің әйелім жарады. Егер осылай болатынын білгенде, кітаптар оқып, қандай да бір курсқа барар едім. Кейін уақыт өткенде қалай болғанын мүмкін айта жатармын», – дейді шенеунік.