Қазақстанның үш ірі қаласында баспана бағасы шарықтады. Бұл Астана, Алматы мен Қарағанды қалаларына қатысты, деп хабарлайды Kn.kz.
Алматыдағы пәтерлердің бір шаршы метрі 400 мың теңгеден сатылып, орта есеппен бес пайызға дейін қымбаттаған. Мұнда халық әсіресе, екі бөлмелі баспананы көбірек алатын болған.
Бас қаладағы Алматы ауданында да пәтер бағасы екі пайызға шарықтаған.
Сондай-ақ Қарағандының орталық және оңтүстік-шығыс бөліктерінде пәтер бағасының 2-3 пайызға қымбаттағаны байқалады.
Онда баспананың 1 шаршы метріне орташа баға 208 мың теңге.