Алдағы демалыс күндері Астана қаласы бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында сатылып жатқан пәтерлер #expohomsters жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде ұсынылады, деп хабарлайды Baq.kz.
Жәрмеңке 22-23 қыркүйекте Mega Silk Way ойын-сауық орталығында өтеді. Оны Homsters.kz онлайн-сервисі ұйымдастырып отыр.
«Жәрмеңкеге Астананың 14 тұрғын үй кешенінің өкілдері қатыспақ. Құрылыс компания өкілдері барлық келушілерге «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін тұрғын үй, оны сатып алудың бағасы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат береді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, келушілер екінші деңгейлі банк өкілдері мен «Баспана» Ипотекалық ұйымы мамандарынан кеңес ала алады.