Қазақстанда әр 100 пәтердің 13-і жинақ жүйесі арқылы сатылып жатыр

26.11.2018 22:26

Қазақстанда орташа есеппен 100 үйдің 13-і жинақтау жүйесі арқылы сатып алынып жатыр, деп хабарлайды ranking.kz.

Елімізде қыркүйек айында жылжымайтын мүлік саудасы қызған. Күздің алғашқы 30 күнінде 25 мың келісімшарт жасалыпты. Бұл өткен жылғы осы аймен салыстырғанда 0,5 пайызға артық. Тұрғындар көбіне баспанаға біраз жыл қаржы жинау жүйесі арқылы қол жеткізеді екен.

Мәселен, биыл 430 мыңнан аса қазақстандық арнайы бағдарлама арқылы пәтер алса, оның 13 пайызы ипотека түрінде рәсімделген. Ал сатылып жатқан әр 5-ші үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылған.