5 адам қаза тапты: Ресейде қазақстандық автобус апатқа ұшырады

17.11.2018 23:01

Ресейдің Саратов облысы Озинск ауданында жолаушылар автобусы мен жүк тасымалдайтын пойыз соқтығысты, деп хабарлайды РИА Новости. Автобусты Қазақстан азаматтары жүргізген. Апат салдарынан 5 адам қаза тауып, екеуі ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Қайтыс болған бес адамның барлығы Өзбекстан азаматтары. Ауруханаға түскен екеу — Қазақстаннан барған. Олардың бірі — автобус жүргізушісі, екіншісі — көмекшісі. Бұл туралы Қазақстанның Астрахань қаласындағы консулы Қанат Шекқалиев мәлімдеді.

Автобус Саратов — Ульяновск бағытында қатынаған. Алдын ала болжам бойынша, қоғамдық көлік жүргізушісі пойыздың келе жатқанын көре тұра рельске шығып кетіпті. Машинист тежегішті басқанымен тоқтап үлгермеген.