Соңғы жекпе-жегіне дейін жеңілмеген боксшы нокауттан кейін көз жұмды

06.11.2018 14:00

Италиялық боксшы Кристиан Дагио жекпе-жектен кейін бірнеше күннен соң көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.

49 жастағы Дагио өзінің соңғы жекпе-жегін 26 қазан күні Рангситте (Таиланд) тайлық Дон Паруангке қарсы өткізді. 12-ші раундта қарсыласы бастан бірнеше жойқын соққы жасаған, салдарынан италиялық рингте есінен танып қалып, кейіннен комаға түсті.

Дагио соңғы жекпе-жегіне дейін кәсіпқой бокста 10 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Сондай-ақ ол аралас жекпе-жек және муай-таймен айналысқан.