Қазақ жазушыларының еңбектері шет тілдеріне көптеп аударыла бастамақ

Қазақ жазушыларының еңбектері шет тілдеріне көптеп аударыла бастамақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әдебиет – алтын көпір. Дәл осындай тақырыппен Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дөңгелек үстел өтті.

Халықаралық «Шығыс әдебиеті және өнері» баспасы ұйымдастырған шараға БАҚ өкілдері қатысты. Бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда өмір сүріп жатқандықтан, рухани азық болар кітапты көп оқу керек дейді жиналған қауым.  Шетел әдебиетін аударумен айналысатын баспа да оқырман қауымға тарихи, тәрбиелік мәні зор шығармаларды ұсынуда. Алдағы уақытта қазақ жазушыларының еңбектерін шетел тілдеріне тәржімалауды көздеп отыр.  

«Мәдениет те алмасады. Яғни, «Бір жол, бір белдеу» деген бағдарламаның аясында әлемнің 124 елі қол қойған. Яғни, әлемнің 124 елі бір-бірімен мәдениет алмасады деген сөз. Ал бұл компания жалпы алдағы уақытта қазақ оқырмандарына шетел әдебиетін, ал қазақ әдебиетін шетел оқырмандарына таныстырады деген оймен сенімді түрде жұмыс істеп жатыр», – деді баспа компания редакторының орынбасары Нұрғиса САХОВ.


Новости партнеров