Алматылық төтеншеліктер өртті сөндіріп, уланғандарға көмек көрсетті

06.11.2018 00:55

Алматылық төтеншеліктер кезекті рет дайындықтарын пысықтады. Оқу жаттығу шарасының №2 жылу электр станциясында өткізілуі тегін емес. Өйткені орталықта төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін.  

Мамандар қызыл жалынды уақытында ауыздықтап, уланған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетті. «Қыс-2018» тактикалық оқу жаттығуы қарашаның алғашқы екі күнінде Алматының барлық аудандарында ұйымдастырылды.  

«Қазіргі таңда ТЭЦ-2 нүктесінде 70-тен астам техника мен 200 ден астам жеке құрам қатысып отыр. Бұл жерде азаматтық қорғау қызметінің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылып, бір адамай жаттығу жұмыстары өтті.Оқу жаттығу өткізетін басшылары жақсы бағалап отыр», – деді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш БАЙМҰХАМБЕТОВА.