2 мыңға жуық қазақстандыққа Түркия еліне кіруге тыйым салынды

18.07.2017 17:25

2 мыңға жуық қазақстандыққа Түркия еліне кіруге тыйым салынды. Бұл шешімді аталған елдің Ішкі істер министрлігі қабылдаған. Ведомство ақпаратына сәйкес «қара» тізімделігер халықаралық лаңкестік ұйымдарға қатысы бар деп танылған. Жалпы, 53 мыңнан астам шет елдік азаматты Түркия елі сырттан келген қауіп деп есептеп отыр. 2014-ші жылдан бастап күдікке ілінген 4500-ден астам азамат депортацияланған көрінеді. Айта кету керек «қара» тізімдегілер қатарында ТМД елдері, Еуропаның бірнеше мемлекеті мен Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтары да бар.