Із-түзсіз жоғалып кеткен белгілі журналист, продюсер Әйгерім Мұсаева өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Қайғылы оқиға кеше болған. 2 баланың анасы Hit tv арнасында продюсер болып жұмыс істеген. Бұған дейін журналистің әріптестері Әйгерімнің жоғалып кеткені туралы жазба жариялаған болатын.
Олардың айтуынша, келіншек үйінен шығып кеткен де, содан қайтып оралмаған.
Соңғы рет Алатау ауданындағы ХҚКО-ның камераларына түскен.
«Әйгерім Мұсаева күндіз үйінен шығып кеткен де, әлі қайтып оралмаған. Үйден кетіп қала салатындай, жеңіл ойлайтын қыз емес. Екі баласы, жолдасы бар. Өкініштісі сол, ұялы телефонын да үйде қалдырып кетіпті. Сондықтан кешеден бері қайда жүргенін ешкім сұрап біле алмаған. Әйгерімді жақындары өте жауапты адам ретінде біледі. Сондықтан екі баласын тастап кетуі мүмкін емес!», - делінген әріптестерінің жазбасында.
Әйелдің қандай жағдайда, қалай көз жұмғаны туралы мәлімет жоқ. ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның мән-жайы туралы ертең толық ақпарат беретіндіктерін айтты.