Теңге тегеурін танытуда. Қазақстан қор биржасында таңғы сессиядағы сауда саттықта 1 доллардың орташа бағамы 337 теңге 69 тиынды құрады. Осылайша, жасыл қағаздың құны 4,28 теңгеге төмендеді. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 337 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 340,5 теңгені көрсеткен. Дегенмен, сарапшылар төл валютамызға қатысты әрқилы пікір айтуда. Теңгенің тербелуі бірқатар факторларға тәуелді. Ал «халық арасындағы алып-қашпа сөздер де валюта бағамына әсерін тигізеді», - дейді мамандар. Бүгін нығайған теңге ертең-ақ құнсыздануы ғажап емес.
¤«Теңгенің құнсыздануы спекулятивтік себептер деп ойлаймыз. Яғни осы халық арасындағы теңге қатты құлайды деген сыбыстар да осы теңгенің құлауына себеп болуы мүмкін. Яғни теңгеге әсер ететін факторларды қарастыратын болсақ, ол әрине мұнай бағасы», - деді қаржы сарапшысы Нұрлан ӘШІМОВ.