Алматы әкімі православ және католик шіркеулерінің дінбасыларымен кездесті

14.04.2018 02:40

Алматы әкімі православ және католик шіркеулерінің дінбасыларымен кездесті. Астана және Қазақстан митрополитімен қатар Конверсано және Монополи епархиясының делегациясын қабылдады. Екіжақты кездесу барысында діни және ұлтаралық келісім, қаланың этномәдени бірлестіктерін қолдау мен ынтмақтастық мәселелері сөз болды. Шетелдік дінбасылары Қазақстанда түрлі ұлттардың толерантты өмір сүріп, наным-сенімдеріне  еркіндік бар екеніне көз жеткізгендерін айтты. Жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясының  Алматы қаласы бойынша 34 этномәдени бірлестігі болса,  өзге ұлттардың  театрларынан бөлек диаспоралардың 13 жексенбілік мектебі бар. 


Теги: епископ