Алматы әкімі Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

26.01.2018 14:25

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Василь Шайхразиевпен кездесті. Тараптар сауда- экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін қозғады. Қала басшысы екі елдің тығыз мәдени және тарихи бауырластығы іскерлік байланысты нығайтуға септесетінін атап өтті. Жалпы, тараптар туризмді дамыту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, білім, мәдениет және басқа аспектілерде ынтымақтастықты күшейту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында татарстандық делегацияға- «бір терезе» қағидасы бойынша инвесторларға қызмет көрсететін орталықтың, индустриалды аймақ пен «Smart City» жобасы таныстырылды.