Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас тасжолдары ақылы болмақ

26.07.2017 17:15

Жыл соңына қарай Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас тасжолдары ақылы болады. Бұл туралы еліміздің инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Қазір ақылы жол жүйесін толық іске асыру үшін 150 миллион доллар көлемінде қаржы тартылып жатқан көрінеді. Жалпы ел бойынша ақылы жол көлемі 6,5 мың шақырымды құрайды. Оның 5,5 мыңға жуық шақырымының жобасын келесі жылға дейін аяқтау жоспарланыпты.