Алматы халықаралық әуежайында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу шарасы аяқталды. ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне дайындық аясында Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабының қызметі көлік инфрақұрылымы нысандарында лаңкестік қауіп-қатер туындаған жағдайда қандай әрекет ету керектігін пысықтады. Оқу-жаттығудың мақсаты терроризм актісін болдырмау механизмдерін жетілдіруге бағытталған, яғни әуе жолы көлігіндегі жарылғыш құрылғыларды іздеп-табуға, оны заласыздандыруға және тұтқындарды босатуға арналған. Алматы қалалық жедел штабы бөлімшесі бұл тапсырмаларды орындап шықты. Оқу-жаттығу кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Айта кетейік, дәл осындай оқу-жаттығу Универсиада ойындарының алдында да өткен болатын.