Алматы қаласының бюджеті 502 млрд теңгені құрады

28.04.2018 01:08

Алматы экономикасының дамуында оң динамика байқалады. Қазір болжанып отырған кірістерді ескергенде, қала бюджеті 502 миллиард теңгені құрап отыр. Биылғы жылдың алғашқы тоқсаны бойынша құрылыс көлемі - 40,6 пайызға, инвестициялар көлемі - 14,6 пайызға, өнеркәсіп көлемі - 4,3 пайызға өскен. Бұл көрсеткіштер қала қазынасына түсетін салықтың 7 пайызға немесе 450 миллиард теңгеге өсуін қамтамасыз етпек. Жылдың алғашқы үш айын қорытындылаған Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы бюджет тапшылығының өспегенін де мәлімдеді.

«Бюджет тапшылығы бізде көбейген жоқ. Қаржы кодексінің 18-бабына сәйкес, бюджет дефицитін өзге салалардан артылған қаржы есебінен жабуға болады. Өткен жылы қаржыны оңтайландыру бойынша үлкен жұмыстар атқарып, 30 миллиард теңгеден астам қалған қаражатты қаланы дамыту жорбаларына жұмсауды жоспарлап отырмыз», - деді Алматы қаласы Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ілияс ӨСЕРОВ.