Айта кетейік, жол апаты наурыздың 5-нен 6-на қараған түні Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында болған еді. Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімі басшысы Ерік Насырбековтың айтуынша, күдіктіні камерадағы жазба арқылы ұстау мүмкін болды.
"Видеодан көліктің қара түсті екені анықталды. Осындай түсті көліктердің барлығын тексердік, видеобақылау камераларының арқасында көлікті таптық. Күдікті анықталды. Сол маңдағы жекеменшік тұрақтардың бірінен жол апатына ұшыраған қара түсті Toyota Camry тұрды: терезесі сынған", - деді Ерік Насырбеков.
ІІД Жергілікті полиция қызметі іздестіру бөлімі басшысының айтуынша, көлік табылған соң оның иесі де табылды. Жүргізушінің 1985 жылғы екені анықталды. Ер адам бастапқыда жол апатын жасағанын жоққа шығарған, бірақ кейіннен барлығын мойындаған.
"Олар кафеден шықты, мас болды, тоқтап үлгермедім. Қорқып, оқиға орнынан кетіп қалдым", - деді ер адам полициядағыларға.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сараптама жүргізушінің мас болмағанын көрсеткен. Алматы қалалық ІІД өкілдері осы жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда 22 жастағы жігітті көліктің қағып өлтіргені хабарланған болатын. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан.