Алматыда алғаш рет гольфтан турнир өтті

28.09.2017 23:19

Алматыда алғаш рет гольфтан әуесқойлар арасында турнир өтті. Жарысқа ұзын- ырғасы 80-нен аса адам қатысқан. Турнирден түскен қаржыны ұйымдастырушылар мүгедек балалар спортын дамыту мақсатында «Дара» қайырымдылық қорына аудармақ. Жарыс Forbes Kazakhstan журналының 100 жылдығана арналып өткізілді.

«Турнирге өздеріңіз көргендей әртүрлі жастағы адамдар қатысты. Мұндай жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат - қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және гольф спортын дамыту. Аталған спорт түрі олимпияда ойындарына былтыр ғана кірген болатын. Сондықтан біздің елде бұл спорт енді дамып келеді», - деді  ұйымдастырушы Арманжан БАЙТАСОВ