Алматыда «Айгүлдің әндері» байқауының ақтық мәресі өтті

Алматыда «Айгүлдің әндері» байқауының ақтық мәресі өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Айгүлдің әндері» байқауының ақтық мәресі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздар композитор Айгүл Бажанованың әндерін орындап, өзара сынға түсті. Ән додасына қатысушылар екі топқа бөлінген. Біріншісі 7 жастан бастап 16 жасқа дейін, екіншісі 16 жастан жоғары қатысушылар. Жалпы сайыстың соңғы кезеңіне 20 орындаушы өткен. Мұндай сайыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Әнші алдағы уақытта дәстүрлі байқауға айналдыруды көздеп отыр.

«Үш-ақ қаланы араладық. Барлық қаланы аралауға мүмкіндік болмады. Бірақ соны қолға алсақ деп отырмыз. Өйткені өтініш, тілектер көп болып жатыр», - деді композитор Айгүл БАЖАНОВА.


Новости партнеров