Алматыда жәрмеңкелердегі бағаларды қадағалау күшейтілді

12.10.2017 03:53

Алматыда жәрмеңкедегі бағаларды қадағалау күшейтілді. Бұл туралы Алматы қаласы Ауыл шаруашылық басқармасы мәлімдеді. Саудагерлер өз тауарларын делдалсыз сату керек. Сонда қара базардағы заттар нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан болады. Жыл басынан бері қалада 400-ге жуық жәрмеңке ұйымдастырылған. Онда құны 2 миллиардтан асатын 530 тонна тауар сатылыпты.

«Біз күн сайын бағаларға мониторинг жасап отырамыз. Әсіресе, күнделікті сатып алынатын тауарларға. Сонымен қатар, бағалардың көтеріліп кетпеуін қадағалаймыз», - деді Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеренария басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш ӘБДІЖАППАРОВА.