Алматыда жас ғалымдар байқауда бақ сынасты

26.02.2018 22:03

Алматыда Медеу ауданының ең үздік жас ғалымдары жиналып, Медеу Пұсырманұлы атындағы ғылыми жобалар байқауында бақ сынасты. Ғылыми сайысқа аудандағы мектептерден 30-дан аса оқушының еңбегі іріктеліп алынған. Үздік жұмысты қазылар алқасы анықтайды. Атап өтерлігі, тарихи тұлғаның өнегелі өмірін жастарға барынша көрсету мақсатында бұған дейін аудандық деңгейде 5 шара өткен.

«Оқушылардың ізденістері, Медеу Пұсырманұлы атамызды тануы. Олардың жасаған ерліктері. Ол кісі кезінде Верный қаласының губернаторы Колпаковскиймен дос болған. Сол кісімен бірге қанша жобалар жасаған. Соның барлығын қазіргі таңда қазіргі ұрпақтарға үлкен бір тәрбие, үлкен бір өнеге ретінде беру бұл біз үшін үлкен мақсат болып отыр», - деді Алматы қаласы Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп гимназиясының директоры Манас ТАЙКЕНОВ.

«Бір айдың көлемінде біздің ата-аналардың тарапынан, оқушылардың тарапынан, мұғалімдердің тарапынан осы кісіге деген қызығушылық, осы кісінің еліне, халқына өзі кезіне халқына жасаған жақсылығын айтып, еске түсіріп талай ұрпақтарымен кездестік», - деді Алматы қаласы Медеу ауданы білім бөлімінің басшысы Ағайша САПАРОВА.