Алматыда жеке сот орындаушыларының саны көбейеді

13.07.2017 17:07


Алматыда жеке сот орындаушыларының саны көбейеді. Қазіргі таңда қалада олардың қатары 200-ден асады. Жыл басынан бері соның ішінде 17-сі лицензиясынан айырылыпты. Ал керісінше мемлекеттік сот орындаушыларының қатары кемітілуде. Қазір қалада 46 сот орындаушы жұмыс істейді. Соның ішінде олардың әрқайсысы 352 істен атқарады. Қалалық Әділет департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер жөніндегі кеңес алдында жартыжылдық есеп берді. Басқосуда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс сапасы мен сот орындаушыларының қызметі талқыланды.

«2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларында алиментті қоса есептегенде, олардың орындауында 16 мыңнан астам құжат болды. Ал өткен жылдың осы мерзімінде орындау құжатының саны 60 мыңнан асқан еді. Былтырмен салыстырғанда 72 пайызға өсті»,- деді Әділет департаменті басқармасы басшысының міндетін атқарушы, Салтанат КӨШКІНБАЕВА.