Алматыда жол апатына түскен жүкті келіншек аман-есен босанды

15.03.2017 16:50

Алматыда жол апатына түскен жүкті келіншек аман-есен босанды. Дәрігерлер жас ана мен жаңа туған шақалақтың жағдайы қалыпты деп отыр. Олар қазір медиктердің бақылауында. Көлік апаты кеше түске таяу Райымбек даңғылы мен Бөкейханов көшесінің қиылысында тіркелген еді. Жүктіліктің 39-шы аптасында болған келіншектің толғағы қатты қысқандықтан, жедел жәрдем көлігі жолдың қарсы бетіне шығып, перзентханаға шұғыл жетуді көздеген. Сол кезде жеңіл көлікпен түйседі. Жайттың жай-жапсарын қазір аудандық Ішкі істер басқармасының мамандары анықтап жатыр.