Алматыда журналистер мен блогерлер арасында байқау ұйымдастырылмақ

19.05.2018 17:37

Астананың мерейтойына тарту. Алматыда журналистер мен блогерлер арасында «Астана - ұлы дала Елордасы» атты байқау ұйымдастырылады.  Жалпы жүлде қоры 7 миллион теңге болатын конкурс 7 номинация бойынша өткізіледі. Ұйымдастырушылар алдымен материалдың сапасына емес, мазмұнына, жеткізер ойы мен креативтілігіне көңіл аударатындарын айтуда. Айта кетейік, былтыр да осындай байқау өткізілген еді. Алматының мыңжылдығына арналған додада қатысушылар саны аз болған деседі. Ал биыл өтінім берушілер көп болады деп болжанып отыр.

«Материалдар 15 маусымға дейін қабылданады. Әділқазы алқасы кімнің жұмысын үздік деп тапса, соны тиісті түрде марапаттаймыз. Бір номинацияға бірнеше адам жайғасуы мүмкін. Ондай жағдайда тағайындалған сыйақыны бөліп беретін боламыз», - деді  Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Еркебұлан КЕНЖЕБҰЛАТОВ.