Алматыда жылу мен ыстық су қымбаттайды

Алматыда жылу мен ыстық су қымбаттайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 1 сәуірден бастап жылу мен ыстық су қымбаттайды. Бұл туралы «Алматы жылу жүйелерінің» мамандары мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, ыстық судың бағасы 5,8 пайызға көтеріледі. Мәселен, осыған дейін абонент 1 текше метрге 1000 теңгеден төлеген болса, енді оған 58 теңге қосылады. Тұрғындар қосымша құн салығымен қоса есептегенде жылудың 1 гигакалорийі үшін 1972 теңге төлейтін болады. Бұл көрсеткіш бұрын 1863 теңгені құраған. Тұрғын үйде есептеуіш құралы барлар үшін жылудың бағасы 5510 теңге болмақ. Сондай-ақ жылыту маусымында бір адам үшін енді 1662 теңге төлеуге тура келеді. Ал басқа уақытта баға 1378 теңгені құрайды. Қыс мезгілінде есептеуіш орнатылған абоненттер әр текше метрге 484 теңге төлейді. Басқа айларда баға 446 теңге.


Новости партнеров