Алматыда екі баланың адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқаны анықталды. Полицейлер мұны кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектерді «Есепке алу» жедел алдын-алу шарасын өткізу барысында көрген. Алатау ауданында тұратын 45 жастағы әйел 7 мен 10 жастағы балаларына мүлдем қарамайтын болып шықты. Адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатқан балалардың үйі жиналмағандықтан, сыз тартып қолаңса иіс шығып кетіпті. Тазалық шаралары мүлде сақталмаған. Сондай-ақ, біраз уақыттан бері жарық жоқ. Уақытылы ақысы төленбегендіктен, мамандар қиып кетіпті. Енді балаларына салғырт қарағаны үшін әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.