Алматыда Конституция күні аталып өтті

Алматыда Конституция күні аталып өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы мейрамның ерекшелігі, мерекелер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған. Бостандық ауданының әкімі думанға жиналған қала тұрғындары мен қонақтарын Конституция күнімен құттықтап, Ата заңның тәуелсіз Қазақстан тарихында алар орнының ерекше екенін атап өтті.

«Конституцияның 22 жыл толып отырғанын бәріміз аудан болып осы жерде тойлап отырмыз. Бүгінгі еліміз осы гүлденіп, үлкен жетістікке жетіп отырғаны ең негізіне бәріне осы Конституция деп айтса болады», - деді Алмалы ауданының әкімі Бекқали ТОРҒАЕВ.

Ал Жетісу ауданының әкімдігі мереке қарсаңында аудан зейнеткерлері мен соғыс ардагерлерін қалада серуендетті. Қарт кісілер мұндай шараның ұйымастырылғанына, сонымен қатар, өздеріне әкімдік жағынан осылай көңіл бөлініп жатқанына дән риза.


Новости партнеров