Алматыда көше бойындағы қоршауларды сүру жұмыстары жалғасып жатыр. «Қоршаусыз қала» бағдарламасын қолдаған Алмалы ауданының кәсіпкері өз еркімен кірпіштен қалаған қоршауларды жермен-жексен етті. Бұдан былай қала халықтың жүруіне барынша ыңғайлы етіп жасалынбақ. Жуық арада онда көріктендіру жұмыстары да жүргізіледі.
«Заңды тұлға жүргінші жолды басып алған. Осыған байланысты қоршауды сүрдік. Жақын күндері мұнда қауіпсіз етіп, жол жиегін саламыз»,- деді Алмалы аудандық көріктендіру бөлімінің бас маманы, Думан ҚАПТАҒАЕВ.