Алматыда Құранды жатқа оқудан республикалық жарыстың ақтық сайысы өтті

26.04.2018 16:44

Алматыда Құран оқудан республикалық жарыстың ақтық сайысы өтті. Осымен жетінші рет ұйымдастырылып отырған додаға Қазақстанның әр өңірінен іріктелген 63 қари қатысуда. Үміткерлерге қойылатын басты талап - құранды жатқа айтып қана қоймай, мәнерлеп, әуезбен оқу. Қарилар қасиетті кітаптағы сүрелерді әділ қазылардың алдында оқу оңайға соқпағанын айтады.

«Өзімнің балалық шағымнан бар. Кішкене қобалжу. Бірақ Аллаға шүкір 5 сұрақтың төртеуін жақсы жауап бердім. Бір сұрағыма жауап бере алмадым. Енді қобалжып жатырмыз кішкене», - деді жарысқа қатысушы Бауыржан ЕСМЫРЗАЕВ (Алматы).

Жарыс 4 номинация бойынша өтті. Жүзден жүйрік атанып, бас жүлде алған қариға жеңіл автокөлік табысталады. Екінші, үшінші орын иеленгендерге қаржылай сыйлық берілмек. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай діни жарыс халықаралық додаларда еліміздің атынан шығатын қари дайындауға көмегін тигізеді. 

«Құранды, біздің ата-бабамыздың діні исламның кітабы - құранды насихаттау. Осы құранды жаттауды насихаттау. Құранды жаттаған қариларды хафиздарды ынталандыру. Бізде құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша әлемде халықаралық жарыстар өтеді. Сол халықаралық жарыстарға баруға лайықты қариларды, құранды жаттаған  мамандарды анықтау үшін өткізіп жатырмыз», - деді Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек ШОҚАЙ.