Алматыда Махмет Айдархановтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

26.09.2017 22:19

Алматыда көрнекті ғалым, физика-математика саласының майталманы Махмет  Айдархановтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Еңбек жолын математика-механика институтында лаборант-инженер болып бастаған жас талант ғылым саласына 30 жылдық ғұмырын арнайды. Ғалымның жетекшілігімен елімізде ірі ғылыми зерттеулер жасалып, информатика және кибернетикадан курстар ашылған. Оның мұрындық болуымен қалада алғаш рет информатика кафедралары ашылды. Махмет Бүркітбайұлы тынбай жасаған еңбегінің арқасында 3 докторлық, 8 кандидаттық диссертацияны абыроймен қорғап шыққан. Ол «Қазақстанның ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төселгісі және әртүрлі дәрежедегі ордендермен марапатталған. Мемориалдық тақта Алматыда орналасқан, ғалымның өзі тұрған үйінің іргесіне орнатылды. Шараға қайраткердің отбасы мен туыстары, замандас, әріптестері келді.


«Ол ең алдымен өте мейірімді, адамгершілігі мол жан болатын. Мен Махметтің біреуге жекіп, біреуді ренжіткенін ешқашан көрмеппін. Тіпті біздерге, інілеріне ренжіген кезін байқамаппын. Керісінше, ол әркез үлгі болды. Оның ғылыммен айналысқаны да біз үшін өнеге», - деді туған інісі Бақытжан АЙДАРХАНОВ.

 

¤«Математикалық кибернетика деген ғылымдарды осы Қазақстанға алып келіп, елімізде ең бірінші болып дамытқан кісілердің бірі. Ғылым мектебін құру деген өте күрделі нәрсе. Ол кісі сол мектепті құра білді. Жасанды интеллект дейді соның барлығын осы елімізде дамытуға үлкен үлес қосып, ат салыстқан ол - Махмет Бүркітбайұлы Айдарханов», - деді Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының директоры Мақсат ҚАЛИМОЛДАЕВ.