Алматыда пәтер алып беруге уәде берген ағайынды алаяқтар ұсталды

Алматыда пәтер алып беруге уәде берген ағайынды алаяқтар ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ағайындылардың пәтер алуға қатысты бірнеше алаяқтық іске қатысы бар болуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі Істер Департаменті мәлімдеп отыр. Ағасы мен қарындасы мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге және кезекке тұрғандардың кезегін алға жылжытуға уәде еткен. Қыз өзін әкімдікте жұмыс істеймін деп таныстырыпты. Ал ағасы халықтан ақшаны жинап алып отырған көрінеді. Қазір 29 жастағы Зарина Әтембаева мен 37 жастағы Ерік Сейітбай Ішкі Істер департаментінің тергеу изоляторында қамауда отыр. Қазіргі таңда алаяқтардан зардап шеккен 2 адам ресми түрде арызданған. Дегенмен, олардың саны одан да көп болуы мүмкін.

«Ақшаны өзім үшін алдым. Тұрғындарға уақытын белгіледім. Олар күткісі келмеді», - деді күдікті Зарина ӘТЕМБАЕВА.


Новости партнеров