Алматыда тастанды сәби табылды. Жаңа туған шақалақты жергілікті тұрғындардың бірі тауып, полицейлерге хабар берген. Әзірге баланы суық күнде далаға кімнің қалдырып кеткені анықталған жоқ. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, сәбидің анасын іздеуге кірісті.
Бұл көрер жарығы бар жаңа туған бейкүнә бала Алматының Алатау ауданынан табылды. 19-шы қыркүйек күні жергілікті тұрғындар жол жиегіндегі сәбиді әуелі, ит немесе мысық жатыр деп ойласа керек. Артынша, шақалақтың шырылдаған үні шыққан кезде жұрт дереу полиция қызметкері мен жедел жәрдем тобын шақыртқан. Черемушки көшесінен табылған баланың туғанына бір айға енді жуықтады. Оны түкті көрпеге орап, ішетін тамағын қасына қойып кеткен. Қазір балпанақтай қыз бала - қалалық ауруханда. Дәрігерлер «оның жағдайы қалыпты», - дейді.
¤«Қазіргі жағдайда баланың жағдйы қанағаттанарлық. Ешқандай дәрігерлік ем қабылдаудың қажеті жоқ. Одан әрі қарай баланы балалар үйіне өткізуге дайындап жатыр», - деді Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Ләззат ЕСҚАЛИЕВА..
¤Кіндігі түспей жатып сәбиін тастап кеткен ананы құзырлылар әлі іздестіруде. Ішке сыйған сәбиін - жер жаһанға сыйғыза алмаған ана қайткен күнде де, қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Бауыр еті баласынан құтылғысы келген Ол, заң бойынша үш жылдан астам уақытқа темір торға тоғытылуы мүмкін.
¤«Қазіргі таңда Алатау ауданының ішкі істер басқармасның қызметкерлері қылмыстық кодекстің 119-бабына сәйкес сот алды тергеу амалдарын жалғастыру үстінде. Яғни, криминалды және ювиналды қызметкерлерінің бар күштері таңда осы шақалақтың анасын және басқ туыстарын анықтауға бағытталған. Ана табылған жағдайда ата-ана құқығынан және бас бостандығынан айырлады. Өйткені бұл жасаған іс-әрекеті қылмыс болып табылады», - деді ІІД ресим өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.
Туған баласынан безінгендер іштен шыққан шақалағынан заң бойынша бас тарта алады. Тек сәбилер саудаға салынбай, өзектен тебілмей, тек балалар үйіне жіберілуі керек. Мәселен, мүгедек балаларға арналған Алматыдағы арнайы орталықты алайық. Мұндағы 140 баланың 70-тен астамы тастандылар. Ал олардың жарым жан болғаны үшін де, оларды асырап алуға ешкім асықпайды.
Әйкерім Ердәулетқызы, Әрсен Сандыбаев «Аламты» телеарнасы