Алматыда Тұңғыш президент күніне арналған көрме өтеді

08.11.2017 22:44

10-шы және 16-шы қараша күндері аралығында Алматыда «Жиырма жылдан кейін. «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі  көрме жұмысын бастайды. Ол Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің күні және Тәуелсіздіктік күні мемлекеттік мерекелеріне орай жүзеге асырылмақ. Еліміздің Астанасын көшірген сәттен бері 20 жылдың ішінде алғаш рет мемлекет басшысының Жеке архиві, Жеке кітапханасы мен Музейі қорының материалдары алматылықтарға ұсынылғалы отыр. Аталмыш көрме төрт бөлімнен тұрады. Сонымен қатар шара аясында түрлі конференция, дөңгелек үстелдер мен мерекелік шаралар да өтеді деп жоспарлануда.