Алматыда үй кезегінде тұрған азаматтардан өтініштер қабылдау басталды

30.06.2017 16:04

Алматыда үй кезегінде тұрған азаматтардан өтініштер қабылдау басталды. Құжаттар «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында, e-gov электрондық үкімет веб-порталы арқылы 5 шілдеге дейін қабылданады. Бұл жолы 160 пәтер Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы үлестіріледі. Жаңа пәтерлер Алатау ауданындағы Атлетикалық ауыл мен Алғабас ықшамауданынан қарастырылады. Тұрғын үйдің шаршы метрі 1036 теңгені құрайды және 20 жылға жалға беріледі. Пәтерлерлер тұрғын үй басқармасында кезекте тұрған көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мемлекеттік және әскери қызметкерлерге, жетім балаларға, 1-2 топтағы мүгедектер мен кембағал балаларды асыраушылырға қарастырылған.