Алматыда веложолақтарды басқан жүргізушілерге салынған айыппұл млн-ға жуықтаған

08.09.2017 20:12

Алматыда веложолақтарды басқан жүргізушілерге салынған айыппұл көлемі миллионға жуықтаған.  Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаменті мәлімдеді. Тәртіп сақшылары Шевченко және Қонаев көшелерінде 85 заң бұзушылықты тіркеген. Көбінесе жүргізушілер темір тұлпарларын қос дөңгелекті көлікке бөлінген арнайы жолаққа қалдырып кетеді. Айта кетейік, мұндай веложолдар қаланың 8 көшесінде бар.